Велкозомиб (1 мг)

МНН: Бортезомиб
Производитель: Элеас ПФК ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Bortezomib
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024887
Информация о регистрации в РК: 12.01.2021 - 12.01.2026

Инструкция

Саудалық атауы

Велкозомиб

Халықаралық патенттелмеген атауы  

Бортезомиб

Дәрілік түрі, дозасы

Вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған  лиофилизат, 1.0 мг 

Фармакотерапиялық тобы  

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Басқа антинеопластикалық  препараттар. Бортезомиб.

АТХ коды L01XX32

Қолданылуы

Велкозомиб үдемелі көптеген миеломасы бар, кемінде бір емдеу курсын қабылдаған және қан түзетін дің жасушаларының трансплантациясы жүргізілген немесе оны жүргізуге болмайтын пациенттерде монотерапия ретінде немесе пегилденген липосомалық доксорубицинмен немесе дексаметазонмен біріктіріп қолданылады.

Велкозомиб бұрын емделмеген көптеген миеломасы бар, қан түзетін дің жасушаларының трансплантациясымен жүретін жоғары дозалы химиотерапия жүргізуге жарамсыз ересек пациенттерді емдеу үшін мелфаланмен және преднизонмен біріктіріп қолданылады.

Велкозомиб, бұрын емделмеген көптеген миеломасы бар, қан түзетін дің жасушаларының трансплантациясымен жүретін жоғары дозалы химиотерапия жүргізуге болмайтын ересек пациенттерге индукциялық ем жүргізу үшін дексаметазонмен немесе дексаметазонмен және талидомидпен біріктіріп қолданылады.

Велкозомиб бұрын емделмеген мантия жасушасының лимфомасы бар, қан түзетін дің жасушаларының трансплантациясын жүргізуге болмайтын ересек пациенттерді емдеу үшін ритуксимабпен, циклофосфамидпен, доксорубицинмен және преднизонмен біріктіріп қолданылады.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затына, борға немесе қосымша заттарының («Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде атап келтірілген) кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • өкпенің немесе перикардтың жедел диффуздық инфильтрациялық ауруы

Велкозомиб препаратын басқа дәрілік препараттармен біріктіріп қолданған кезде қолдануға болмайтын жағдайлар туралы қосымша ақпарат алу үшін осы дәрілік препараттардың жалпы сипаттамаларын қараңыз.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары  

Төменде атап келтірілген жағдайлардың кез келгені пайда болса, емдеуші дәрігерге хабарлау қажет:

  • қанның қызыл немесе ақ жасушалары санының азаюы

  • қан кетумен байланысты қиындықтар және/немесе қандағы тромбоциттер мөлшерінің төмендігі

  • диарея, іш қатуы, жүрек айнуы немесе құсу

  • естен танулар, бас айналуы немесе бұрын болған естен тану алдындағы жағдай

  • бүйрекпен байланысты қиындықтар

  • бауырмен байланысты орташадан ауыр дәрежеге дейінгі қиындықтар

  • бұрын қолдардың немесе аяқтардың ұюы, шаншуы немесе ауыруы (нейропатия)

  • жүрекпен немесе артериялық қысыммен байланысты қиындықтар 

  • ентігу немесе жөтел

  • құрысулар

  • белдемелік теміреткі (көз айналасын қоса, оқшау орналасқан немесе тұла бойға жайылған)

  • бұлшықет түйілулері, бұлшықет әлсіздігі, сананың шатасуы, көрмей қалу немесе көрудің бұзылулары және ентігу сияқты ісік лизисі синдромының симптомдары

  • естен тану, ойлау қызметін жүзеге асырудағы қиындықтар, жүрген кездегі қиындықтар немесе көрмей қалу. Аталған жағдайлар мидың ауыр инфекциясының белгілері болуы мүмкін, және дәрігер сізге ары қарай тексерілуді және кейіннен қадағалауда болуды ұсынуы мүмкін.

Қан жасушаларының санын бақылап отыру мақсатында, Велкозомиб® препаратымен емделгенге дейін және емделу кезінде жүйелі түрде қан талдауларын тапсыру қажет.

Мантия аймағы жасушаларының лимфомасын ритуксимабпен біріктірілген Велкозомиб препаратымен емдеген жағдайда емдеуші дәрігерге хабарлау керек:

  • гепатит вирусы инфекциясының бар екендігіне күдіктенгенде немесе бұрын  гепатит вирусы байқалса. Кей жағдайларда В гепатиті бар пациенттерде гепатит ұстамасы қайталануы мүмкін, ол өлімге әкеп соқтыруы ықтимал. Анамнезде B гепатиті вирусы болса, емдеуші дәрігер белсенді B гепатиті белгілерінің бар-жоқтығын мұқият тексереді

Велкозомиб препаратымен емделуді бастар алдында Велкозомиб препаратымен біріктіріп тағайындалған дәрілік заттарға қатысты ақпарат алу үшін, ол дәрілік препараттардың барлығының қосымша парақтарын оқып шығу қажет. Емге талидомид те кірістірілген жағдайда, жүктілікті тексеруге ерекше көңіл бөлу және жүктілік профилактикасы бойынша шара қолдану қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

In vitro зерттеулер, бортезомибтің Р450 (CYP) цитохромы изоферментерінің, 1A2, 2C9, 2C19, 2D6 және 3A4 изоферментерінің әлсіз тежегіші болып табылатындығын көрсетеді. CYP2D6 изоферментінің бортезомиб метаболизміне қатысуының шектеулілігін (7%) ескерсек, CYP2D6 изоферментінің  метаболиздеу белсенділігі төмен фенотипі бортезомибтің жалпы таралуына әсер етеді деп күтілмейді.

Өзара әрекеттесуіне жүргізілген, CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіші кетоконазолдың бортезомиб фармакокинетикасына (вена ішіне енгізгенде) әсері бағаланған зерттеу, 12 пациенттен алынған деректердің негізінде, бортезомибтің  AUC 35 %-ға орташа жоғарылағанын көрсетті (СI90% [1.032-ден 1.772-ге дейін]). Сол себепті, бортезомибті CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіштерімен (мысалы, кетоконазол, ритонавир) біріктіріп қолданғанда, пациенттердің жағдайын мұқият қадағалауды жүзеге асыру керек.

Өзара әрекеттесуіне жүргізілген, CYP2C19 изоферментінің күшті тежегіші омепразолдың бортезомиб фармакокинетикасына (вена ішіне енгізгенде) әсері бағаланған зерттеулер, 17 пациенттен алынған деректердің негізінде, бортезомиб фармакокинетикасына айқын әсерінің жоқтығын көрсетті.

Өзара әрекеттесуіне жүргізілген, CYP3A4 изоферментінің күшті индукторы рифампициннің бортезомиб фармакокинетикасына (вена ішіне енгізгенде) әсері бағаланған зерттеулер, 6 пациенттен алынған деректердің негізінде, бортезомиб AUC 45 % орташа төмендеуін көрсетті. Демек, бортезомибті (вена ішіне енгізгенде) CYP3A4 изоферментінің күшті индукторларымен (мысалы, рифампицин, карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал және шілтер жапырақты шайқурай) бірге қолдану ұсынылмайды, өйткені, ол тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Өзара әрекеттесуіне жүргізілген дәл сол зерттеуде CYP3A4 изоферментінің әлсіз тежегіші дексаметазонның бортезомиб фармакокинетикасына (вена ішіне енгізгенде) әсері бағаланды. 7 пациенттен алынған деректердің негізінде, бортезомиб фармакокинетикасына айқын әсері білінген жоқ.

Өзара әрекеттесуіне жүргізілген, мелфалан-преднизонның бортезомиб фармакокинетикасына (вена ішіне енгізгенде) әсері бағаланған зерттеу, 21 пациенттен алынған деректердің негізінде, бортезомибтің орташа AUC 17 %-ға жоғарылағанын көрсетті. Бұл өзгеріс клиникалық тұрғыдан маңызды болып есептелмейді.

Клиникалық зерттеулер барысында пероральді гипогликемиялық препараттарды қабылдаған пациенттерде гипогликемия (жиі емес) және гипергликемия (жиі) жағдайлары байқалған. Диабетке қарсы пероральді препараттарды Велкозомиб препаратымен бірге қабылдап жүрген пациенттерге қандағы глюкоза деігейіне мұқият мониторинг жүргізу және диабетке қарсы препараттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолданылуы

Велкозомиб препаратын  балалар мен жасөспірімдерде қолданбау керек, өйткені пациенттердің бұл тобында дәрілік препараттың әсері туралы ақпарат жоқ

Жүктілік немесе лактация кезінде

Велкозомиб препаратын жүктілік кезінде клиникалық тұрғына негізді қажеттілігі болмаса, пайдаланбағаныңыз дұрыс.

Велкозомиб препаратын қабылдап жүрген ерлер де, әйелдер де, емделу кезінде және емдеуден кейін 3 айға дейін контрацепцияның тиімді құралдарын пайдалануы тиіс. Егер қолданылған шараларға қарамастан, жүктілік басталып кетсе, бұл туралы дереу емдеуші дәрігеріңізге айтыңыз.

Велкозомиб препаратымен емделу кезінде сіздің емшек емізбеген дұрыс. Емдеу аяқталғаннан кейін бала емізуді қайта бастаудың қауіпсіз кезеңін білу үшін, Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Талидомид туа бітетін ақауларды және шарананың өлімін туғызады. Егер  Велкозомиб препараты талидомидпен біріктіріп пайдаланылса, қолдану кезіндегі жүктілік профилактикасы бағдарламасын басшылыққа алу қажет (талидомидті медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).  

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Велкозомиб препараты  шаршауды, бас айналуын, естен тануды немесе бұлыңғыр көруді туғызуы мүмкін. Егер сіз ондай жағымсыз әсерлерді сезінсеңіз, көлік құралын жүргізбеңіз және құралдар немесе механизмдерді пайдаланбаңыз; тіпті егер сіз көлік жүргізбесеңіз де, және құралдар немесе механизмдерді пайдаланбасаңыз да, бәрібір сақтық танытуға тиіссіз.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Велкозомиб препаратымен емдеуді қатерлі ісіктері бар пациенттерді емдеуде тәжіриесі бар дәрігер бастауы және соның қадағалауымен жүргізілуі тиіс, сонымен қатар, Велкозомиб препаратын химиотерапиялық дәрілерді пайдалануда тәжірибесі бар медицина қызметкері енгізуіне болады. Велкозомиб препаратын сұйылтуды оқып үйренген медицина қызметкері жүзеге асыруы тиіс (6.6 бөлімін қараңыз). 

Үдемелі көптеген миелома кезінде дозалау режимі (осының алдында кемінде бір рет ем қабылдаған пациенттер) 

Монотерапия

Велкозомиб вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған 1 мг лиофилизат препаратының дайындау үшін ұсынылатын дозасы дене беткейіне 1.3 мг/м2 құрайды және екі апта бойы аптасына екі рет, 21 күндік емдеу циклының 1-, 4-, 8- және 11-інші күндері венаішілік инъекциялар жолымен енгізіледі. Бұл 3 апталық мерзім емдеу циклы болып саналады. Толық клиникалық жауабы расталғаннан кейін пациенттер Велкозомиб препаратымен емдеудің 2 циклын қабылдауы ұсынылады. Клиникалық жауабы расталған, бірақ толық ремиссиясына қол жеткізбеген пациенттерге Велкозомиб препаратымен емдеудің жалпы саны 8 циклына дейін қабылдауы ұсынылады. Велкозомиб препаратын бірінен кейін енгізулердің аралығы 72 сағаттан кем болмауы тиіс.

Емдеу кезінде дозасын түзету және емделуді монотерапияда қайта бастау 

Кез келген гематологиялық емес 3 дәрежедегі уыттылық реакциясы немесе нейропатиядан басқа кез келген гематологиялық 4 дәрежедегі уыттылық пайда болса, төменде сипатталғанға сәйкес Велкозомиб препаратымен емдеу кейінге қалдырылуы тиіс (4.4 бөлімін де қараңыз).  

Уытты реакциялар симптомдары басылғаннан кейін, Велкозомиб препаратымен емдеуді 25%-ға төмендетілген дозасымен қайта бастауға болады (1.3 мг/м2 дозасы 1.0 мг/м2 дейін төмендетілуі тиіс; 1.0 мг/м2 дозасы 0.7 мг/м2 дейін төмендетілуі тиіс). Егер уыттылық симптомдары басылмаса немесе төмендетілген дозаларын қолданғанда да қайталанса, емдеудің артықшылықтары қаупінен едәуір асып түсетін жағдайлардан басқасында, Велкозомиб препаратымен емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру қажет.  

Нейропатиялық ауыру және/немесе шеткері нейропатия 

1 кестеде бортезомибті қолданумен байланысты нейропатиялық ауыру немесе шеткері нейропатия дамыған пациенттерді емдеуде дозасын түзету жөніндегі нұсқаулар келтірілген (4.4 бөлімін қараңыз). Бастапқы ауыр нейропатиясы бар пациенттер Велкозомиб препаратымен емді тек, күтілетін пайдасы мен ықтимал қаупін мұқият бағалаудан кейін ғана қабылдауы тиіс.  

1 кесте: Бортезомибті қолданумен астасқан нейропатия кезінде дозаларын түзету жөніндегі нұсқаулар

Нейропатияның ауырлық дәрежесі*

Дозасын түзету

1 дәрежесі (симптомсыз жүреді; терең сіңір рефлекстерінің жоғалуы немесе парестезия) ауырусыз немесе функция жоғалуынсыз.

Өзгерістерсіз

Ауырумен қатар жүретін  1 дәрежесі немесе 2 дәрежесі (симптомдарының айқындығы орташа; күнделікті өмірде құралдармен жұмыс жасау белсенділігінің шектелуі**

Велкозомиб препаратының дозасын 1.0 мг/м2 дейін төмендету 

НЕМЕСЕ

Велкозомиб препаратын енгізу кестесін 1.3 мг/м2 дозада аптасына 1 рет енгізуге өзгерту

Ауырумен қатар жүретін 2 дәрежесі немесе 3 дәрежесі (ауыр симптомдар; күнделікті өмірде өз-өзіне қызмет көрсетудегі белсенділіктің шектелуі***)

Уытты реакциялар басылғанға дейін Велкозомиб препаратын қолдануды тоқтата тұру керек. Уытты реакциялар басылған кезде, Велкозомиб препаратының төмендетілген, аптасына бір рет 0.7 мг/м2 дозасымен қайта бастау керек.

4 дәрежесі (өмірге қауіп өндіретін салдарлары бар; шұғыл араласуды қажет етеді) және/немесе ауыр автономдық нейропатия

Велкозомиб препаратын тоқтату керек

* Көптеген миеломаның II және III фазадағы зерттеулер мен тіркеуден кейінгі тәжірибелерде дозаларын модификациялаудың негізінде. 

Жіктеме NCI (Ұлттық обыр институтының) уыттылықтың жалпы критерийлеріне СТСАЕ v.4 (Жағымсыз құбылыстарды белгілеу терминологиясының жалпы критерийлеріне) негізделген.

** Күнделікті өмірдегі құралдармен жұмыс істеу белсенділігі: тамақ дайындауға, азық-түлік пен киім сатып алуға, телефонды пайдалануға, ақшаны және т.б. пайдалануға қабілеттілік; 

*** Күнделікті өз-өзіне қызмет көрсету белсенділігі: төсекке таңылып жатпауға, өздігінен шомылуға, киінуге және киімін шешуге, ас ішуге, дәретханаға баруға, дәрілік препараттарды қабылдауға қабілеттілік. 

Пегилденген липосомалық доксорубицинмен біріктіріп емдеу 

Велкозомиб 1 мг, келесі ұсынылған: дене беткейіне 1.3 мг/м2 дозаларында 2 апта бойы аптасына екі рет, 21 күндік емдеу циклының 1-, 4-, 8- және 11-інші күндері венаішілік инъекция жолымен енігізіледі. Бұл 3 апталық мерзім емдеу циклы болып саналады. Велкозомиб препаратын бірінен кейін енгізулердің аралығы 72 сағаттан кем болмауы тиіс.

Пегилденген липосомалық доксорубицин Велкозомиб препаратымен 1 сағаттық венаішілік инфузия емдеу түрінде циклының 4-інші күні Велкозомиб препаратының инъекциясынан кейін 30 мг/м2 дозада енгізіледі. 

Ауру үдемеген және пациенттер емді көтере алған жағдайда, бұл біріктірілген емнің 8 циклына дейін қолдануына болады. Толық клиникалық жауапқа қол жеткізген пациенттер емдеуді жалғастыруына және толық жауап расталғаннан кейін, тіпті бұл 8 емдеу циклынан артықты қажет  ететін болса да, тағы кемінде 2 емдеу циклын қабылдауына болады. 8 циклдан кейін парапротеин деңгейлері төмендей берген пациенттер де, емделуді пациенттер көтере алғанға дейін және оларда клиникалық жауап байқалатын кезде жалғастыруына болады.  

Пегилденген липосомалық доксорубицинге қатысты қосымша ақпарат алу үшін, дәрілік препараттың сәйкесінше жалпы сипаттамасын қараңыз. 

Дексаметазонмен біріктірілімі 

Велкозомиб 1 мг келесі ұсынылған: дене беткейіне 1.3 мг/м2 дозаларында 2 апта бойы аптасына екі рет, 21 күндік емдеу циклының 1-, 4-, 8- және 11-інші күндері венаішілік инъекция жолымен енігізіледі. Бұл 3 апталық мерзім емдеу циклы болып саналады. Велкозомиб препаратын бірінен кейін енгізулердің аралығы 72 сағаттан кем болмауы тиіс.

Дексаметазон Велкозомиб препаратымен 21 күндік емдеу циклының 1-, 2-, 4-, 5-, 8-, 9-, 11-інші күндері 20 мг дозада пероральді қабылданады. 

Аталған біріктірілген емнің 4 циклынан кейін жауапқа немесе аурудың тұрақтануына қол жеткізген пациенттер дәл осындай біріктірілімді қабылдауды қосымша ең көбі 4 цикл бойына жалғастыруына болады.

Дексаметазонға қатысты қосымша ақпарат алу үшін, дәрілік препараттың сәйкесінше жалпы сипаттамасын қараңыз.

Үдемелі көптеген миеломасы бар пациенттерде біріктіріп емдеу кезінде дозасын түзету  

Біріктіріп емдеу кезінде Велкозомиб препаратының дозасын түзету үшін, дозаларын монотерапия үшін жоғарыда сипатталғанға сәйкес модификациялау жөніндегі нұсқаулықты басшылыққа алыңыз.

Бұрын емделмеген көптеген миеломасы бар және қан түзетін дің жасушаларының трансплантациясын жүргізуге болмайтын  пациенттер үшін дозалау  режимі

Мелфаланмен және преднизонмен біріктіріп емдеу

Велкозомиб 1.0 мг препаратын 2 кестеде сипатталғанға сәйкес, пероральді мелфаланмен және пероральді преднизонмен біріктіріп вена ішіне енгізеді. Бұл 6 апталық мерзім емдеу циклы болып саналады. 1-ден 4-ке дейінгі циклдар аралығында Велкозомиб препаратын аптасына 2 рет, 1-, 4-, 8-, 11-, 22-, 25-, 29- және 32-нші күндері қолданады. 5-тен 9-ға дейінгі циклдар аралығында Велкозомиб препаратын аптасына 1 рет, 1-, 8-, 22- және 29-ыншы күндері күндері қолданады. Велкозомиб препаратын бірізді енгізулердің аралығы 72 сағаттан кем болмауы тиіс.

Мелфалан мен преднизон Велкозомиб препаратымен әрбір емдеу циклының алғашқы аптасының 1-, 2-, 3- және 4-інші күндері пероральді қабылдануы тиіс.

Аталған біріктірілген ем үшін тоғыз емдеу циклы қолданылады.

2 кесте: Мелфаланмен және преднизонмен біріктірілген емді қолданғанда Велкозомиб препаратын дозалау режимі

Велкозомиб аптасына екі рет (1-4 циклдар)

Апта

1

2

3

4

5

6

Велкозомиб

(1.3 мг/м2)

күн

1

--

--

4

күн

8

күн

11 күн

демалу

кезеңі

күн

22

25 күн

29 күн

32 күн

демалу кезеңі

Мелфалан (9 мг/м2) +

Пpеднизон (60 мг/м2)

1 күн

2 күн

3 күн

4 күн

--

--

демалу

кезеңі

--

--

--

--

демалу кезеңі

Велкозомиб аптасына бір рет (5-9 циклдар )

Апта

1

2

3

4

5

6

Велкозомиб

(1.3 мг/м2)

1 күн

--

--

--

8 күн

демалу

кезеңі

күн

22

күн

29

демалу кезеңі

Мелфалан (9 мг/м2) +

Пpеднизон (60 мг/м2)

1 күн

2 күн

3 күн

4 күн

--

демалу

кезеңі

--

--

демалу кезеңі

Мелфаланмен және преднизонмен біріктірілген емді қолданғанда емдеу кезінде және емдеуді қайта бастаған кезде дозасын түзету  

Емдеудің жаңа циклын бастағанға дейін:

  • Тромбоциттер саны ≥ 70 х 109/л және құрауы тиіс нейтрофилдердің абсолюттік саны ≥ 1.0 х 109/л құрауы тиіс

  • Гематологиялық емес уытты реакциялар 1 дәрежеге дейін немесе бастапқы деңгейге дейін төмендетілуі тиіс.

3 кесте: Мелфаланмен және преднизонмен біріктірілген Велкозомиб емінің келесі циклдары кезінде дозасын түзету:

Уыттылық

Дозасын түзету немесе емдеуді тоқтата тұру

Емдеу циклы барысындағы гематологиялық уытты реакциялар:  

  • Алдыңғы циклдағы ұзаққа созылған нейтропения немесе 4 дәрежедегі  тромбоцитопения немесе қан кетумен жүретін тромбоцитопения кезінде

Келесі циклда мелфаланның дозасын 25%-ға төмендету қажеттілігін ескеру керек.

  • Велкозомиб препараты қабылданған күні (1 күннен басқа) тромбоциттер саны ≤ 30 х 109/л немесе нейтрофилдердің абсолюттік саны күніне ≤ 0.75 х 109/л болса

Велкозомиб препаратын енгізуді кейінге қалдыру керек.

  • Егер цикл барысында Велкозомиб препаратының бірнеше дозасы (аптасына екі рет енгізгенде ≥ 3 дозасы немесе аптасына 1 рет енгізгенде ≥ 2 дозасы) кейінге қалдырылса

Велкозомиб препаратының дозасы 1 деңгейге төмендетілуі тиіс (1.3 мг/м2 - 1 мг/м2 дейін немесе 1 мг/м2 - 0.7 мг/м2 дейін).

3 дәрежедегі гематологиялық  емес уыттылық

Велкозомиб препаратын қолдануды гематологиялық емес уыттылық 1 дәрежеге немесе бастапқы деңгейге дейін төмендегенше кейінге қалдырады. Содан кейін Велкозомиб препаратымен емдеуді 1 сатыға төмендетілген (1.3 мг/м2 - 1.0 мг/м2 дейін; 1.0 мг/м2 - 0.7 мг/м2 дейін) дозасымен қайта бастауға болады. Велкозомиб препаратын қолданумен байланысты нейропатиялық ауыру және/немесе шеткері нейропатия дамыған жағдайда, кезекті дозасын енгізу кейінге қалдырылады және/немесе дозасын 1 кестеде сипатталғандай түзетеді.

Мелфалан мен преднизон жөніндегі қосымша ақпарат дәрілік препараттың сәйкесінше жалпы сипаттамасында келтірілген.

Бұрын емделмеген көптеген миеломасы бар, дің жасушаларының трансплантациясын (индукциялық ем) жүргізуге болатын пациенттерде ұсынылатын дозасы

Дексаметазонмен біріктіріп емдеу

Велкозомиб 1 мг ұсынылған келесі: дене беткейіне 1.3 мг/м2 дозаларында аптасына екі рет, 21 күндік емдеу циклының 1-, 4-, 8- және 11-інші күндері венаішілік инъекция жолымен енгізіледі. Бұл 3 апталық мерзім емдеу циклы болып саналады. Велкозомиб препаратын бірінен кейін енгізулердің аралығы 72 сағаттан кем болмауы тиіс.

Дексаметазон Велкозомиб препаратымен емдеу циклының 1-, 2-, 3-, 4-, 8-, 9-, 10- және 11-інші күндері 40 мг дозада пероральді қабылданады.

Бұл біріктірілген емнің төрт циклы қабылданады.

Дексаметазонмен және талидомидпен біріктіріп емдеу

Велкозомиб 1 мг ұсынылған келесі: дене беткейіне 1.3 мг/м2 дозаларында аптасына екі рет, 28 күндік емдеу циклының 1-, 4-, 8- және 11-інші күндері венаішілік инъекция жолымен енгізіледі. Бұл 4 апталық мерзім емдеу циклы болып есептеледі. Велкозомиб препаратын бірізді енгізулердің аралығы 72 сағаттан кем болмауы тиіс.

Дексаметазон Велкозомиб препаратымен емдеу циклының 1-, 2-, 3-, 4-, 8-, 9-, 10- және 11-інші күндері 40 мг дозада пероральді қабылданады.

Талидомид 1-14 күндері күніне 50 мг дозада пероральді қабылданады және жағымды болған жағдайда, 15-28 күндері дозасы күніне 100 мг дейін арттырылады, және 2-нші циклдан бастап ары қарай күніне 200 мг дейін арттыруға болады (4 кестені қараңыз).

Бұл біріктірілімнің төрт емдеу циклы қолданылады.   Кемінде ішінара жауабы бар пациенттер, қосымша 2 циклын қабылдауы ұсынылады.

4 кесте: Бұрын көптеген миеломаның  емін қабылдамаған және қан түзетін дің жасушаларының трансплантациясын жүргізуге болмайтын пациенттерде Велкозомиб препаратымен біріктіріп емдеуде дозалау  режимі

1-4 циклдар

Vc + Dx

Апта

1

2

3

Vc (1.3 мг/м2)

1, 4 күндер

8, 11 күндер

демалу кезеңі

Dx 40 мг

1, 2, 3, 4 күн

8, 9, 10, 11 күн

-

Vc + Dx + T

1 цикл

Апта

1

2

3

4

Vc (1.3 мг/м2)

1, 4 күндер

8, 11 күндер

демалу кезеңі

демалу кезеңі

Т 50 мг

Күнделікті

Күнделікті

-

-

Т 100 мга

-

-

Күнделікті

Күнделікті

Dx 40мг

1, 2, 3, 4 күн

8, 9, 10, 11 күн

-

-

2 - 4 циклдарb

Vc (1.3 мг/м2)

1, 4 күндер

8, 11 тәуліктер

демалу кезеңі

демалу кезеңі

Т 200 мга

Күнделікті

Күнделікті

Күнделікті

Күнделікті

Dx 40 мг

1, 2, 3, 4 күн

8, 9, 10, 11 күн

-

-

Vc = Велкозомиб; Dx= дексаметазон; T=талидомид

а талидамидтің дозасы 50 мг дозасы жағымды болған жағдайда ғана, 1-інші циклдың үшінші аптасынан бастап 100 мг дейін және 100 мг дозасы жағымды болса, 2-нші циклдан бастап ары қарай 200 мг дейін арттырылады  

bегер пациент 4 циклдан кейін кемінде, ішінара жауапқа қол жеткізсе, пациентке 6 циклға дейін тағайындауға болады.

Трансплантация жүргізуге болатын пациенттер үшін дозасын түзету

Велкозомиб препаратының дозасын түзету үшін, монотерапия үшін сипатталған дозаларын түзету жөніндегі нұсқауларды басшылыққа алыңыз.

Бұдан өзге, Велкозомиб препаратын басқа химиотерапиялық препараттармен біріктіріп қолданған кезде уытты реакциялар дамыған жағдайда, бірге қолданылған химиотерапиялық препараттың қысқаша сипаттамасында келтірілген нұсқауларға сәйкес, аталған химиотерапиялық препараттардың дозасын төмендету қажеттілігін де ескеру керек.

Бұрын емделмеген мантия жасушасының лимфомасы (МЖЛ) бар пациенттер үшін Велкозомиб  препаратын  дозалау режимі

Ритуксимабпен, циклофосфамидпен, доксорубицинмен және преднизонмен біріктіріп емдеу (VсR-CAP)

Велкозомиб 1.0 мг препаратының ұсынылатын дозасы, дене беткейінің ауданына 1.3 мг/м2 құрайды, ол 2 апта бойы аптасына екі рет, 1-, 4-, 8- және 11-інші күндері венаішілік инъекция жолымен енгізіліп, артынан 12 күн мен 21 күндер аралығында 10 күндік демалыс кезеңі жүреді. Бұл 3 апталық мерзім емдеу циклы болып саналады. Велкозомиб препаратымен емдеудің алты циклын жүргізу ұсынылады, ал клиникалық жауабы 6 циклда алғаш алынған пациенттер үшін, Велкозомиб препаратымен емдеудің қосымша екі циклын тағайындауға болады.  Велкозомиб препаратын бірінен кейін енгізулердің аралығы 72 сағаттан кем болмауы тиіс. 

Келесі дәрілік заттарды Велкозомиб препаратымен емдеудің  әрбір 3 апталық циклының 1-інші күні венаішілік инфузия жолымен: ритуксимабты 375 мг/м2, циклофосфамидті 750 мг/м2 және доксорубицинді 50 мг/м2 дозада енгізеді.

Преднизон Велкозомиб препаратымен әрбір емдеу циклының 1-, 2-, 3-, 4- және 5-інші күндері 100 мг/м2 дозада пероральді тағайындалады.

Бұрын емделмеген мантия жасушасының лимфомасы бар пациенттерді емдеу кезінде дозасын түзету

Емдеудің жаңа циклын бастағанға дейін:

  • Тромбоциттер саны ≥ 100 000 жасуша/мжл құрауы тиіс және  нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) ≥ 1 500 жасуша/мжл құрауы тиіс

  • Сүйек кемігінің инфильтрациясы немесе көкбауыр секвестрациясы бар пациенттерде тромбоциттер саны ≥ 75 000 жасуша/ мжл құрауы тиіс

  • Гемоглобин ≥ 8 г/дл

  • Гематологиялық емес уыттылық 1-інші дәрежеге дейін немесе бастапқы деңгейге дейін қалыпқа түсуі тиіс.

Велкозомиб препаратын қолданумен байланысты ≥ 3 дәрежедегі гематологиялық емес уыттылық (нейропатиядан басқа) немесе ≥ 3 дәрежедегі гематологиялық уыттылық (4.4 бөлімін де қараңыз) туындаған жағдайда, Велкозомиб препаратымен емдеуді тоқтата тұру керек. Дозасын түзету жөніндегі деректерді төмендегі 5 кестеден қараңыз.

Гематологиялық уыттылықты емдеу үшін қолданыстағы стандартты тәжірибеге сәйкес, гранулоциттік колония стимуляциялайтын факторды енгізуге болады. Гранулоциттік колония стимуляциялайтын факторлардың профилактикалық мақсаттарда қолданылуын емдеу циклдарының жүргізілуі бірнеше рет кідіртілген жағдайда қарастыру керек. Тромбоцитопенияны емдеу үшін, клиникалық көрсетілімдерге сәйкес тромбоцитотерді құю қажеттілілігін қарастыру керек.

5 кесте. Бұрын емделмеген мантия жасушасының лимфомасы бар пациенттерді емдеу кезінде дозасын түзету.

Уыттылық

Дозасын түзету немесе кейінге қалдыру       

Гематологиялық уыттылық

  • Қызбамен жүретін ≥ 3 дәрежедегі нейтропения, 7 күннен артыққа созылатын 4 дәрежедегі нейтропения, тромбоциттер саны < 10 000 жасуша/мжл

Велкозомиб препаратын қолдануды пациентте ≥ 750 жасуша/ мжл нейтрофилдер саны мен ≥ 25 000 жасуша/ мжл тромбоциттер саны анықталғанша, 2 аптаға дейін кейінге шегеру керек.

  • Егер Велкозомиб препаратын қолдануды тоқтата тұрғаннан кейін уыттылық жоғарыда көрсетілген деңгейлерге дейін төмендемесе, Велкозомиб препаратын қабылдауды тоқтату керек.

  • Егер уыттылық басылса, яғни, пациентте нейтрофилдердің деңгейі ≥ 750 жасуша/мжл және және тромбоциттер саны ≥ 25 000 жасуша/ мжл екендігі байқалса, онда Велкозомиб препаратын қабылдауды бір деңгейге (1.3 мг/м2 - 1 мг/м2 дейін, немесе 1 мг/м2 - 0.7 мг/м2 дейін) төмендетілген дозада қайта бастауға болады.

  • Егер Велкозомиб препаратын қабылдаған күні (әр циклдың 1-інші күнін қоспағанда) тромбоциттер саны < 25 000 жасуша/мжл немесе нейтрофилдер мөлшері < 750 жасуша/ мжл болса

Велкозомиб препаратымен емдеуді кейінгі шегеру қажет.

Велкозомиб препаратын қабылдаумен байланысты 3 дәрежедегі гематологиялық емес уыттылық

Велкозомиб препаратымен емдеуді, уыттылық симптомдары 2 немесе одан да төмен дәрежеге дейін төмендегенше кейінге шегеру керек. Содан соң, Велкозомиб препаратын қабылдауды бір доза деңгейіне төмендетілген (1.3 мг/м2 - 1 мг/м2 дейін, немесе 1 мг/м2 - 0.7 мг/м2 дейін) дозада қайта бастауға болады. Велкозомиб препаратын қолданумен  байланысты нейропатиялық ауыру және/немесе шеткері нейропатия пайда болған жағдайда, препараттың дозасын 1 кестеге сәйкес түзетеді.

Бұдан өзге, егер Велкозомиб препараты басқа химиотерапиялық дәрілік заттармен біріктіріп қолданылса,  уыттылық пайда болған жағдайда, аталған дәрілік заттардың дозасын, дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы нұсқауларға сәйкес тиісінше төмендетуді қарастыру қажет.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Велкозомиб препаратын 18 жасқа толмаған пациенттерде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған (5.1 және 5.2 бөлімдерін қараңыз). Қазіргі сәтте қолда бар деректер 5.1 бөлімінде сипатталған, бірақ олар дозалау режимі жөнінде нұсқау беруге мүмкіндік бермейді.

Егде жастағы пациенттер

65 жастан асқан пациенттер үшін дозасын түзету қажет деп болжауға негіз жоқ.

Велкозомиб препаратының бұрын емделмеген  көптеген миеломасы бар, қан түзетін дің жасушаларының трансплантациясымен жүретін жоғары дозалы химиотерапия жүргізуге болатын егде жастағы пациенттерде пайдаланылуын зерттеулер жүргізілген жоқ. Осыған байланысты, пациенттердің аталған тобы үшін дозалау режиміне қатысты нұсқаулар беру мүмкін емес.

Мантия жасушасының лимфомасы бар, бұрын ем қабылдамаған пациенттерде жүргізілген зерттеуде Велкозомиб препратымен емделген 42.9% және 10.4% пациент сәйкесінше 65-74 жас және ≥ 75 жас шамасында болды. ≥ 75 жас шамасындағы пациенттерде емдеудің екі VcR-CAP, R-CHOP кестесінің де жағымдылығы нашар болды (4.8 бөлімін қараңыз). 

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр функциясының жеңіл бұзылуы бар пациенттерде дозаларын түзету қажет емес, емдеу ұсынылған дозаларын қолданып жүргізіледі. Бауыр функциясының  орташа немесе ауыр бұзылуы бар пациенттер үшін емдеудің алғашқы циклы кезінде бір инъекцияда 0.7 мг/м2 құрайтын төмендетілген дозасымен бастау ұсынылады, кейіннен емнің жағымдылығына байланысты, дозасын 1.0 мг/м2 дейін арттыруға немесе дозасын 0.5 мг/м2 дейін төмендетуге болатындығын ескеру керек (төмендегі 6 кестені, сондай-ақ, 4.4 және 5.2 бөлімдерін қараңыз). 

6 кесте: Бауыр функциясының бұзылуы бар  пациенттерде Велкозомиб препаратының бастапқы дозасының ұсынылатын түзетілуі

Бауыр  функциясы бұзылуының дәрежесі*

Билирубин деңгейі

SGOT (АСТ) деңгейі

Бастапқы дозасының түзетілуі

Жеңіл

1.0 х ҚЖШ

> ҚЖШ

Жоқ

> 1.0 x - 1.5 x ҚЖШ

Кез келген

Жоқ

Орташа

> 1.5 x - 3 x ҚЖШ

Кез келген

Алғашқы емдеу циклында Велкозомиб препаратының дозасы 0.7 мг/м2 дейін төмендетіледі.  Пациенттегі жағымдылығына байланысты, дозасын 1.0 мг/м дейін арттыру немесе дозасын 0.5 мг/м дейін төмендету туралы мәселені шешіп алу керек.

Ауыр

> 3 х ҚЖШ

Кез келген

Қысқартылған сөздер: SGOT= сарысудағы глутамат оксалоацетат трансаминаза; 

 АСТ - аспартатаминотрансфераза; ҚЖШ – қалыптың жоғарғы шегі.  

* NCI ағзалар дисфункциясы бойынша жұмыс тобының бауыр бұзылуларын санаттарға бөлудегі жіктемесіне сәйкес (жеңіл, орташа, ауыр)

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының орташа және бірқалыпты бұзылуы (креатинин клиренсі > 20  мл/мин/1.73м2) бар пациенттерде бортезомиб фармакокинетикасына  әсері жоқ; соған байланысты, пациенттердің аталған тобында дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар, диализ жүргізілмейтін (креатинин клиренсі < 20 мл/мин/1.73м2) пациенттерде бортезомиб фармакокинетикасының өзгеретін-өзгермейтіндігі туралы нақты деректер жоқ. Диализ бортезомиб концентрациясының төмендеуіне алып келуі мүмкін болғандықтан, Велкозомиб препаратын диализ емшарасынан кейін енгізу керек (5.2 бөлімін қараңыз).

Енгізу әдісі және жолы

Велкозомиб 1.0 мг, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат препараты, тек вена ішіне енгізіледі.

Велкозомиб 3.0 мг, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат препараты, вена ішіне немесе тері астына енгізуге арналған.

Велкозомиб 1.0 мг, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат препараты басқа ешқандай тәсілмен қолданылмауы тиіс. Интратекальді енгізілуі өлімге әкеп соқтырған.

Қалпына келтірілген ерітінді шеткері немесе орталықтық вена катетері арқылы 3-5 секунд бойы венаішілік болюстік инъекция түрінде енгізіліп, артынан натрий хлоридінің инъекцияға арналған 0.9 % ерітіндісімен жуылып шайылады. Велкозомиб препаратын бірінен кейін енгізулердің аралығы 72 сағаттан кем болмауы тиіс.

Велкозомиб препаратын басқа дәрілік препараттармен біріктіріп енгізгенде, бірге қолданылатын дәрілік препараттардың жалпы сипаттамаларын қараңыз. 

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар  

Бұл дәрілік препаратты емдеуші дәрігер немесе медбике енгізетіндіктен, препаратты тым көп дозасының енгізілу ықтималдығы аз. Ықтималдығы аз артық дозалануы жағдайында, емдеуші дәрігер пациенттің жағдайын жағымсыз әсерлердің пайда болуына қатысты бақылайтын болады. 

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар 

Велкозомиб препаратымен емдеу кезінде жиі байқалмаған ауыр жағымсыз реакциялар мыналарды: жүрек жеткіліксіздігін, ісік лизисі синдромын, өкпе гипертензиясын, қайтымды артқы энцефалопатия синдромын, өкпенің жедел диффуздық инфильтрациялық ауруларын; және сирек – вегетативтік нейропатияны қамтыды. Велкозомиб препаратымен емдеу кезінде анағұрлым жиі байқалғандар: жүрек айнуы, диарея, іш қатуы, құсу, шаршау, қызба, тромбоцитопения, анемия, нейтропения, шеткері нейропатия (сенсорлық түрін қоса), бас ауыруы, парестезиялар, тәбеттің төмендеуі, ентігу, бөртпе, белдемелік теміреткі және миалгия.

Көптеген миелома

Төменде атап келтірілген жағымсыз реакциялар бұрыннан бар, Велкозомиб препаратын қолданумен кемінде себеп-салдарлық байланыстылығы болуы мүмкін немесе ықтимал реакциялар ретінде қабылданған. Ол жағымсыз реакциялар 5476 пациенттен алынған кешенді деректерге негізделген, олардың 3996-сы Велкозомиб препаратымен 1.3 мг/м2 дозада ем қабылдаған. Велкозомиб препараты көптеген миеломаны емдеу үшін 3974 пациентте қолданылған.

Төменде көптеген миеломасы бар, Велкозомиб препаратымен монотерапияда немесе басқа дәрілік препараттармен біріктіріп ем қабылдаған пациенттерде байқалған жағымсыз реакциялар келтірілген.

Өте жиі

  • тромбоцитопения*, нейтропения*, анемия*

  • тәбеттің төмендеуі

  • нейропатия*, шеткері сенсорлық нейропатия, дизестезия*, невралгия*

  • жүрек айнуы және құсу*, іш өтуі*, іш қатуы

  • қаңқа-бұлшықет ауыруы*

  • гипертермия*, шаршау, астения

Жиі

  • герпес zoster (жайылған және офтальмологиялық түрін қоса) пневмония*, қарапайым герпес*, зең аурулары*

  • лейкопения*, лимфопения*

  • сусыздану, гипокалиемия*, гипонатриемия*, қандағы глюкоза концентрациясының бұзылуы*, гипокальциемия*, ферменттер аномалиялары*

  • көңіл-күй бұзылыстары және бұзылулары*, үрейлену синдромы*, ұйқы бұзылыстары және бұзылулары*

  • қимыл-қозғалыс нейропатиясы*, естен тану (талып құлауларды қоса), бас айналуы*, дәм сезудің бұзылуы*, летаргия, бас ауыруы

  • көздің ісінуі*, көрудің бұзылуы*, конъюнктивит*

  • вертиго

  • гипотензия*, ортостатикалық гипотензия, гипертензия*

  • ентігу*, мұрыннан қан кету, жоғарғы/төменгі тыныс жолдарының инфекциясы*, жөтел*

  • асқазан-ішектен қан кетулер (шырышты қабықты қоса)*, диспепсия, стоматит*, іш кебуі, орофарингеальді ауыру*, іш ауыруы (асқазан-ішек пен көкбауырдың ауыруын қоса)*, ауыз қуысындағы бұзылулар*, метеоризм

  • бауыр ферменттері тарапынан бұзылулар*

  • бөртпе*, қышыну*, эритема, терінің құрғауы

  • бұлшықеттің түйілуі*, аяқ-қолдардың ауыруы, бұлшықет әлсіздігі

  • бүйрек тарапынан бұзылулар*

  • ісінулер (шеткері түрін қоса), қалтырау, ауыру*, дімкәстану*

  • салмақтың төмендеуі

Жиі емес

  • инфекциялар*, бактериялық инфекциялар*, вирустық инфекциялар*, сепсис (сепсистік шокты қоса)*, бронхопневмония, герпес вирусы инфекциясы*, герпестік менингоэнцефалит#, бактериемия (стафилококтық түрін қоса), теріскен, тұмау, целлюлит, бұйымдарға байланысты инфекциялар, тері инфекциялары*, құлақ инфекциялары*, стафилококтық инфекциялар, тіс инфекциялары*

  • панцитопения*, фебрильді нейтропения, коагулопатия*, лейкоцитоз*, лимфаденопатия, гемолиздік анемия#

  • ангионевроздық ісіну# (Квинке ісінуі), аса жоғары сезімталдық*

  • Кушинг синдромы*, гипертиреоидизм*, антидиуретиктік гормонның талапқа сәйкес емес өндірілуі

  • ісік лизисі синдромы, физикалық дамудың тежелуі*, гипомагниемия*, гипофосфатемия*, гиперкалиемия*, гиперкальциемия*, гипернатриемия*, несеп қышқылы концентрациясының бұзылуы*, қант диабеті*, сұйықтық іркілуі

  • ментальді бұзылыс*, елестеулер*, психоздық бұзылыс*, абыржу*, мазасыздық

  • тремор, шеткері сенсомоторлық нейропатия, дискинезия*, церебеллярлық қимыл-қозғалыс үйлесімі мен тепе теңдіктің бұзылуы*, естен тану (деменцияны қоспағанда)*, энцефалопатия*, артқы реверсиялық энцефалопатиялық синдром#, нейроуыттылық, эпилепсиялық бұзылулар*, герпестен кейінгі невралгия, ұйқы бұзылыстары*, шаршаған аяқтар синдромы, бас сақинасы, ишиас, зейін қоюдың бұзылуы, аномальді рефлекстер*, иіс сезудің бұзылуы

  • көзге қан құйылуы*, қабақтардың инфекциялары*, халазион#, блефарит#, көздің қабынуы*, диплопия, көздің құрғауы*, көздің тітіркенуі*, көз ауыруы, көзден жас парлау, көзден шығатын бөліністер

  • дизакузия  (құлақтағы шуылды қоса)*, естудің бұзылуы (қоса алғанда кереңдікке дейін), құлақтағы жайсыздық*

  • жүрек тампонадасы#, тыныс алу мен жүрек қызметінің тоқтап қалуы*, жыпылықтағыш аритмия (жүрекшелердің аритмиясын қоса), жүрек жеткіліксіздігі (сол жақ және оң жақ қарыншаларды қоса)*, аритмиялар*,  тахикардия*, жүрек соғуының жиілеуі, стенокардия, перикардит (перикард экссудатын қоса)*, кардиомиопатия*, қарынша дисфункциясы*, брадикардия

  • ми қанайналымының жедел бұзылуы#, терең веналар тромбозы*, қан құйылу*, тромбофлебит (беткейлік түрін қоса), қантамыр коллапсы (гиповолемиялық шокты қоса), флебит, гиперемия*, гематома (периренальді түрін қоса), шеткері қанайналым жеткіліксіздігі*, қан жүретін тамырлардың қабынуы, гиперемия (көздегі түрін қоса)*

  • өкпе артериясының эмболиясы, экссудаттық плеврит, өкпенің ісінуі (жедел түрін қоса), өкпеге альвеолярлық қан құйылу#, бронх түйілуі, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы*, гипоксемия*, тыныс жолдарының бітелуі*, гипоксия, плеврит*, ықылық, ринорея, дисфония, бронх-өкпе обструкциясы

  • панкреатит (созылмалы түрін қоса)*, қан құсу, еріннің ісінуі*, асқазан-ішек обструкциясы (ішек бітелуін қоса)*, іштегі жайсыздық, ауыз қуысының ойық жаралары*, энтерит*, гастрит*, қызыл иектердің қанағыштығы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы*, колит (Clostridium difficile қоса)*, ишемиялық колит#, асқазан-ішек жолының қабынуы*, дисфагия, тоқ ішектің тітіркенуі синдромы, асқазан-ішек бұзылыстары (ҚНЖ), тілдің өңезденуі синдромы, асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылуы*, сілекей бездері функциясының бұзылуы*

  • гепатоуыттылық (бауыр функциясының бұзылуларын қоса), гепатит*, холестаз

  • көп формалы эритема, есекжем, жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз, терінің уытты бөртпесі, уытты эпидермалық некролиз#, Стивенс-Джонсон синдромы #, дерматит*, шаш тарапынан бұзылулар*, нүктелік қан құйылулар, қанталау, тері зақымданулары, геморрагиялық бөртпе, терідегі жаңа түзілімдер*, псориаз, гипергидроз, түнде тершеңдік, тесілулер#, акне*, түзілуі*, пигментация бұзылуы

  • бұлшықет құрысулары, буынның ісінуі,  артрит*, буындардың сіресуі, миопатиялар*, ауырлық сезімі

  • бүйректің жедел жеткіліксіздігі, бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі*, несеп шығару жолдарының инфекциялары*, несеп шығару жолдары функциясы бұзылуының белгілері мен симптомдары*, гематурия*, несеп іркілуі, несеп шығару бұзылысы*, протеинурия, азотемия, олигурия*, поллакиурия

  • қынаптан қан кетулер, гениталийдің ауыруы*, эректильді дифункция

  • жалпы физикалық денсаулығының нашарлауы*, беттің ісінуі*, инъекция орнындағы реакция*, шырышты қабықтар тарапынан бұзылулар*, кеуденің ауыруы, жүріс-тұрыстың бұзылуы, мұздау сезімі, қан құйылу*, катетермен байланысты асқыну*, шөлдеу сезімінің өзгерістері*, кеуде қуысындағы жайсыздық, дене температурасының өзгергенін сезіну*, инъекция орнының ауыруы*

  • гипербилирубинемия*, ақуыз талдауының  аномальді нәтижесі*, салмақ жоғарылауы, қан талдауының аномальді нәтижесі*, С-реактивті ақуыздың көбеюі

  • құлап қалу, контузия

Сирек

  • менингит (бактериялық түрін қоса), Эпштейн-Барр вирустық инфекциясы, гениталий герпесі, тонзилит, мастоидит, вирустан кейінгі қажу синдромы

  • қатерлі жаңа түзілім, плазма жасушасының лейкемиясы, бүйрек жасушаларының карциномасы, ісік тәрізді түзілім, микоз, қатерсіз жаңа түзілім*

  • диссеминацияланған тамырішілік ұю, тромбоцитоз*, тұтқырлық жоғарылауы синдромы, тромбоциттер тарапынан бұзылу (ҚНЖ), тромбоздық микроангиопатия (тромбоцитопениялық пурпураны қоса), қан ауруы (ҚНЖ), геморрагиялық диатез, лимфоциттер инфильтрациясы

  • анафилаксиялық шок, амилоидтық дистрофия, III типті иммундық кешен түрткі болған реакция

  • гипотиреоидизм

  • гипермагниемия*, ацидоз, электролиттер теңгерімсіздігі*, гиперволемия, гипохлоремия*, гиповолемия, гиперхлоремия*, гиперфосфатемия*, зат алмасудың бұзылуы, В тобы дәрумендерінің тапшылығы, B12 дәруменінің тапшылығы, подагра, тәбеттің жоғарылауы, алкоголь жақпаушылығы

  • суицидтік ойлар*, бейімделудің бұзылуы, еліру, либидо төмендеуі

  • миға қан құйылу*, бассүйекішілік қан құйылу (субарахноидальді түрін қоса)*, ми ісінуі, транзиторлық ишемиялық шабуыл, кома, вегетативтік жүйке жүйесінің теңгерімсіздігі, вегетативтік нейропатия, бассүйек-ми жүйкесінің салдануы*, салдану*, парез*, естен тану алдындағы жағдай, ми діңінің зақымдану синдромы, ми қанайналымының бұзылуы, жүйке түбіршектерінің зақымдануы, психомоторлық аса жоғары белсенділік, жұлын компрессиясы, когнитивтік бұзылыс (ҚНЖ), қимыл-қозғалыс дисфункциясы, жүйке жүйесінің бұзылыстары (ҚНЖ), радикулит, сілекей ағуы, гипотония

  • мөлдір қабықтың зақымдануы*, экзофтальм, ретинит, скотома, көз бұзылулары (қабақтардың бұзылуларын қоса) (ҚНЖ), көз жасы безінің жүре пайда болған қабынуы, көздің қарығуы, фотопсия, оптикалық нейропатия#, көрудің түрлі дәрежедегі бұзылулары (соқырлыққа дейін)*

  • құлақтан қан кетулер, вестибулярлық нейронит, құлақ бұзылулары (ҚНЖ)

  • жүрекшелердің дірілдеуі, миокард инфарктісі*, атриовентрикулярлық блокада*, жүрек-қантамыр бұзылулары (кардиогендік шокты қоса), екібағытты ұршықтәрізді қарыншалық тахикардия, тұрақсыз стенокардия, жүрек клапанының бұзылулары*, коронарлық жеткіліксіздік, синустық түйін белсенділігінің тыйылуы

  • шеткері эмболия, лимфа ісінуі, бозару, эритромелалагия, қантамырлардың кеңеюі, веналар түсінің өзгеруі, вена жеткіліксіздігі

  • тыныс алу жеткіліксіздігі, жедел респираторлық дистресс-синдром, апноэ, пневмоторакс, өкпе коллапсы, өкпе гипертензиясы, қан түкіру, гипервентиляция, ортопноэ, пневмонит, респираторлық алкалоз, тахипноэ, өкпе фиброзы, бронх бұзылулары*, гипокапния*, өкпенің интерстициальді ауруы, өкпе инфильтрациясы, тамақтың қысылу сезімі, тамақтың құрғауы, жоғарғы тыныс жолдары секрециясының жоғарылауы, тамақтың тітіркенуі, жоғарғы тыныс жолдарынан шығатын жөтел синдромы

  • жедел панкреатит, перитонит*, тілдің ісінуі*, асцит, эзофагит, хейлит, үлкен дәретті ұстай алмау, анус сфинктерінің атониясы, нәжіс конкременті*, асқазан-ішек жолының ойық жаралануы және перфорациясы*, гингивальді гипертрофия, мегаколон, тік ішектен бөліністер, ауызжұтқыншақ аймағында күлбіреуіктердің түзілуі*, еріннің ауыруы, пародонтит, артқы өтістің сызаты, дефекация ырғағының өзгеруі, прокталгия, аномальді үлкен дәрет

  • бауыр жеткіліксіздігі, гепатомегалия, Бадд-Киари синдромы, цитомегаловирустық гепатит, бауырдан қан кету, өттас ауруы

  • тері реакциясы, Джесснердің лимфоциттік инфильтрациясы, алақан-табан эритродизестезиясы синдромы, тері астына қан кетулер, торлы мәрмәр тері, терінің тығыздануы, папулалар, жарыққа сезімталдық реакциялары, себорея, суық тер, тері бұзылысы (ҚНЖ) эритродермия, терінің ойық жаралануы, тырнақтардың бұзылысы

  • рабдомиолиз, самай-астыңғы жақсүйек буыны синдромы, жыланкөздер, буын жалқығы, жақсүйектің ауыруы, сүйек бұзылулары, қаңқа-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тіндердің инфекциялары және қабынуы*, синовиальді киста

  • қуықтың тітіркенуі

  • аталық бездердің бұзылысы*, простатит, әйелдерде сүт бездерінің бұзылулары, аталық без қосалқысының ауыруы, аталық без қосалқысының қабынуы, жамбас ауыруы, вульваның ойық жаралануы

  • аплазия, асқазан-ішек жолы дамуының ақауы, диффуздық кератома

  • өлім (кенеттен өлуді қоса), көп ағзалық жеткіліксіздік, инъекция орнынан қан кету*, жарық (өңеш тесігінің жарығын қоса)*, жазылудың бұзылуы*, қабыну, инъекция орнындағы флебит*, ауырсыну, ойық жара, сезімталдық, кеуденің кардиологиялық емес ауыруы, катетер енгізілген жердің ауыруы, бөгде дене тұрғандай сезіну

  • қандағы аномальді газдар*, электрокардиограммадағы аномалиялар (QT аралығының ұзаруын қоса)*, халықаралық қалыптастырылған қатынастың аномалиялары*, асқазандағы рН төмендеуі, тромбоциттер агрегациясының жоғарылауы, тропонин I жоғарылауы, вирус идентификациясы және серологиясы*, несеп талдауының аномалиялары 

  • құюға реакциялар, сынулар*, сіресу*, бет жарақаттары, буын зақымданулары*, күюлер, ашық жаралар, емшара кезіндегі ауыру, радиациялық зақымдану

  • макрофагтардың белсенуі

ҚНЖ = қосымша нақтыланған жоқ

* MedDRA біреуден артық қолайлы терминінің топтастырылуы

# маркетингтен кейінгі деректерден анықталған жағымсыз реакция.

Ритуксимаб, циклофосфамид, доксорубицин, винкристин және преднизонды [R-CHOP] қабылдаған 242 пациентпен салыстырғанда, Велкозомиб препаратының мантия жасушасының лимфомасы бар 240 пациентте Велкозомиб препаратымен 1.3 мг/м2 дозада  ритуксимабпен, циклофосфамидпен, доксорубицинмен және преднизонмен (VсR-CAP) біріктіріп емдеген кездегі қауіпсіздік бейіні салыстырмалы түрде, көптеген миеломасы бар пациенттерде байқалған, төменде сипатталғандай негізгі ерекшеліктерімен бейініне сәйкес келген. Біріктірілген емді (VсR-CAP) қолданумен байланысты қосымша анықталған жағымсыз реакциялар В гепатиті инфекциясын (<1%) және миокард ишемиясын (1.3%) қамтыды. Екі емдеу тобындағы аталған реакциялардың туындау жиіліктерінің ұқсастығы, ол жағымсыз реакциялардың Велкозомиб препаратын қолданумен ғана байланысты емес екендігін көрсетіп отыр. Көптеген миеломаны зерттеулердегі пациенттермен салыстырғанда, мантия жасушасының лимфомасы бар пациенттер тобындағы белгілі айырмашылықтар гематологиялық жағымсыз реакциялардың (нейтропения, тромбоцитопения, лейкопения, анемия, лимфопения), шеткері сенсорлық нейропатияның, гипертонияның, гипертермияның, пневмонияның, стоматит және шаш ауруларының туындау жиілігінің жоғарылығы (≥ 5%) болды.

Туындауының ≥ 1% жиілігімен анықталған, VсR-CAP тобындағы туындау жиілігі ұқсас немесе жоғарырақ,  VсR-CAP емі кезіндегі дәрілік заттармен кемінде себеп салдарлық байланыстылығы болуы мүмкін немесе ықтимал жағымсыз реакциялар төменде атап келтірілген. Сонымен қатар, VсR-CAP тобында анықталған, зерттеушілер қарастырған және көптеген миеломаны зерттеулердің тарихи деректерінің негізінде, Велкозомиб препаратымен кемінде, себеп-салдарлық байланыстылығы болуы мүмкін немесе ықтимал жағымсыз реакциялар кірістірілген.

Төменде  клиникалық зерттеулерде мантия жасушалық лимфомасы бар, VcR-CAP кестесі бойынша ем қабылдаған пациенттерде байқалған жағымсыз реакциялар келтірілген.

Өте жиі

  • пневмония*

  • тромбоцитопения*, фебрильді нейтропения, нейтропения*, лейкопения*, анемия*, лимфопения*

  • тәбеттің төмендеуі

  • шеткері сенсорлық нейропатия, дизестезия*, невралгия*

  • жүрек айнуы және құсу симптомдары*, диарея*, стоматит*, іш қату

  • шаш тарапынан бұзылулар*

  • гипертермия*, шаршау, астения

Жиі

  • сепсис (сепсистік шокты қоса)*, Herpes zoster (диссеминацияланған және офтальмологиялық түрін қоса), герпес вирусы инфекциясы*, бактериялық инфекциялар*, жоғарғы/төменгі тыныс жолдарының инфекциялары*, зең инфекциясы*, Herpes simplex*

  • аса жоғары сезімталдық*

  • гипокалиемия*, қандағы глюкозаның аномальді деңгейі*, гипонатриемия*, қант диабеті*, сұйықтық іркілуі

  • ұйқы бұзылыстары және бұзылулары*

  • нейропатиялар*, қимыл-қозғалыс нейропатиясы*, естен тану (талып құлауды қоса), энцефалопатия*, шеткері сенсомоторлық нейропатия, бас айналуы*, дәм сезудің бұрмалануы*, вегетативтік нейропатия

  • көрудің бұзылулары*

  • дизакузия (құлақтағы шуылды қоса)*

  • жүрек фибрилляциясы (жүрекшелердің фибрилляциясын қоса), аритмия*, жүрек жеткіліксіздігі (сол жақ және оң жақ қарыншаларының жеткіліксіздігін қоса)*, миокард ишемиясы, қарынша дисфункциясы*

  • гипертензия*, гипотензия*, ортостатикалық гипотензия

  • ентігу*, жөтел*, ықылық

  • асқазан-ішектен қан кетулер (шырышты қабықтан қан кетулерді қоса)*, іштің кебуі, диспепсия, ларингофарингеальді ауыру*, гастрит*,  ауыз қуысының ойық жаралары*, іштегі жайсыздық, дисфагия, асқазан-ішек жолының қабынуы*, іш ауыруы (соның ішінде, асқазан-ішек пен көкбауырдың ауыруы)*, ауыз қуысының бұзылыстары*

  • гепатоуыттылық (бауыр тарапынан бұзылуларды қоса)

  • қышыну*, дерматит *, бөртпе*

  • бұлшықеттердің түйілулері*, қаңқа-бұлшықет ауыруы*, аяқ-қолдардың ауыруы

  • несеп шығару жолдарының инфекциялары*

  • ісінулер (шеткері түрін қоса), қалтырау, препаратты енгізген жердегі реакция*, дімкәстану*

  • гипербилирубинемия*, ақуыздар талдауының әдеттен тыс нәтижесі*, салмақ төмендеуі, салмақ жоғарылауы

Жиі емес

  • В гепатиті инфекциясы*, бронхопневмония

  • панцитопения*

  • анафилаксиялық реакциялар

  • ісік лизисі синдромы

  • вегетативтік жүйке жүйесінің теңгерімсіздігі

  • вертиго*, естудің бұзылуы (қоса алғанда, кереңдікке дейін)

  • жүрек-қантамыр бұзылулары (кардиогендік шокты қоса)

  • жедел респираторлық дистресс-синдром, өкпе артериясының эмболиясы, пневмония, өкпе артериясының гипертензиясы, өкпе ісінуі (жедел ісінуді қоса)

  • колит (Clostridium difficile қоса)*

  • бауыр жеткіліксіздігі

* MedDRA біреуден артық қолайлы термині топтастырылған

 Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК 

http://www.ndda.kz.

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат – 1 мг бортезомиб

қосымша заттар: маннитол, үшіншілік бутанол, инъекцияға арналған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті лиофилизацияланған масса немесе ұнтақ

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ақшыл шыныдан жасалған, резеңке тығынмен тығындалып, алюминий қалпақшамен қаусырылған, пластик қақпағы бар құтыға 1 мг препараттан салынған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Дайындалған ертіндіні 25ºС-ден аспайтын температурада түпнұсқалық құтыда немесе шприцте 48 сағаттан асырмай сақтау керек!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәлімет

«Элеас» ӨФК ЖШС, Қазақстан

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Элеас» ӨФК ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды  (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон,  факс,  электронды  пошта)

«Элеас» ӨФК ЖШС

040707, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы,

Боралдай кенті, Өндірістік аймағы, 71 разъезд, құрылым 60А

тел. 8(727)3980430, факс. 8(727)3711900,

e-mail: pfkeleas@gmail.com

Прикрепленные файлы

Велкозомиб_ИМП_каз.docx 0.08 кб
Велкозомиб_ЛВ_рус.docx 0.1 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту